221
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
инфақ ету сезімімен бір ғаріпті қуанту ғибадатына
үйретуіміз бізге міндет. Егер бұл істі оларға кішкене
кездерінен үйретпесек олардың обалына қалған
боламыз. Олар мүлік Аллаһтікі сана-сезімімен өссе,
елге қызмет істейді.
Мал-мүлік пен бала-шағаның адамзат көңілін
Аллаһқабағындырмай,өзінеқаратыпалуқұдіретікүшті
дәрежеде. Сондықтан Аллаһ Тағала былай айтқан:
«Шынында, малдарың және әулеттерің сендер үшін
емтихан. Ал табыстың зоры Аллаһтың қасында».
(Тағабун сүресі, 15-аят)
«Ей, иман келтіргендер! Малдарың мен балаларың
сендердің Аллаһты зікір етулеріңе бөгет болмасын!.»
.
(Мунәфиқун сүресі, 9-аят)
«… Кімде-кім өз нәпсісінің сараңдығынан сақтанса,
міне, солар құтылуға жеткендер!»
«Егер Аллаһқа (оның ризалығы үшін) қарыз
берсеңдер, Аллаһ оны сендер үшін неше есе арттырып,
сендерді жарылқайды. Аллаһ Шәкур (ізгілікті
бағалаушы) әрі Халим (жаза беруге асықпайды)»
.
(Тағабун сүресі, 16-17 аяттар)
Осы жағдайға қарағанда жоқшылықтағы кедейлер
мен ғаріптер байлық иелері үшін негізінде ұлы нығмет.
Жәннат есіктері осы кедей-кепшіктердің дұғаларымен
ашылады.
Инфақтар, яғни дәулетті қайырға жұмсау капитал-
дың қылтамақ (рак) ауруыхаліне келмеуі үшін ең күшті
емі және шарасы.
Сондықтан осы емнің заттай және рухани түрдегі
тарату орындары болатын қайырымдылық қорлары
қоғамның мейірім ескерткіштері болып табылады.
Қорлар инфақтарды ең жақсы тарататын жерлер әрі
байлардың қайырымдылықтарына ұлы бір көпір
болғандықтан, бай мен кедей арасындағы кекті және