Previous Page  222 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 222 / 298 Next Page
Page Background

222

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

қызғанышты жойып, қоғамда болуға тиісті мейірімді

деңгейдің ең кәміл себебі болады.

Қайырымдылық қорлары Жаратушысы құрметіне

жаратылғандарға деген махаббат пен мархабат сезімін

тарататын ұйымдар.

Инфақ тек қана заттай жасалмайды. Аллаһ Тағала

сыйлаған әр нәрсе инфақ етілуге тиісті. Өмірге енгізіле

отырып тәблиғ етілетін Ислам, ең күшті ең керемет

инфақ. Қадірменді сахабалар Аллаһтың дінін үстем

қылу жолында дүниенің түкпір-түкпіріне дейін барып,

өз жандарын инфақ қылған. Солардың ішінде Хазіреті

Аббас (РадиАллаһу анһү)дің ұлы Құсам (радиаллаһу

ғанһу) мен Хазіреті Османның(РадиАллаһу анһү) ұлы

Мұхаммед (радиаллаһу ғанһу) өздері бара алған ең

соңғы жерлері Самарқандқа дейін Ислам нұрын және

тыныштығын алып барған. Олардың осы шынайы

инфақтарыберекелі болғандығысоншалық, арттарынан

Имам Бұхари, Имам Қасани, Имам Тирмизи, Шах

Нақшибенд тәрізді бірталай ұлы тұлғалардың шығуына

дәнекер болған.

`

Инфақта Әдеп

Зекет беруде және садақа таратуда әдепті болу өте

маңызды. Әсіресе берген кісі алған кісіге рахмет айту

сезімінде болу керек. Өйткені алған кісі берген кісіні

парыз болған бір борыштан құтқарып, сауапқа жеткізіп

отыр. Сонымен қатар берілген садақалар берген кісіге

ауру және пәлекет келуіне де бөгет болады.

Қайырымдылық істер кезде назар аударатын күй

Құран Кәрімде былай баяндалады:

«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа және ақірет күніне

иманкелтірмейтұра,малынмақтануүшінжұмсағанкісі

сияқты шілтеп (міндетсіп) және ренжіте отырып беру

арқылы істеген қайырларыңды босқа жібермеңдер»

.