220
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
көрген әйелі былай деді:
-Ей, Әбу Талһа! Сыртта не күтіп тұрсың? Ішке
кірсеңші!
Әбу Талһа:
–Мен ішке кіре алмаймын, сен заттарыңды жинап
сыртқа шық!.»,– деді.
Бұл жауапты еш күтпеген әйелі таң қалып:
-Неге, ей, Әбу Талһа! Бұл бақ біздікі емес пе? – деп
сұрады.
Әбу Талһа:
-Жоқ, бұдан кейін бұл бақ Мәдинадағы кедей-
кепшіктікі»,– деп, аят кәримнің сүйіншісін және өзі
істеген инфақты қуана айтып берді.
Әйелінің «Екеуіміздің атымыздан ба, өз атыңнан
бағыштап бердің бе?» деген сұрағына: «Екеуіміздің
атымыздан…» – деп жауап берген Әбу Талһаға әйелі
былай деді:
-Аллаһ сенен разы болсын, ей, Әбу Талһа! Айна-
ламыздағы пақырларды көрген сайын мен де сенің
істегеніңді ойлап едім, бірақ саған қалай айтарымды
білмей жүр едім. Аллаһ хайрымызды қабыл етсін, міне,
мен де бақшаны тастап келе жатырмын!»
`
Бауырластық сезімі азайып тыныштық жоғалған,
дұшпандық пен қызғанышкөбейген қоғамымызда бүгін
соғысқа дайындық кезіндегідей шын мәнінде бір инфақ
жарысына қажеттілік бар. Қайғыда жүргендердің,
мұқтаждардың орынында біз болуымыз мүмкін еді.
Сондықтан оларға деген инфақтарымыз Раббымызға
деген шүкірлік борышымыз.
Инфақ жарысы өзіміз үшін де, балаларымыз үшін де
өте маңызды. Біз қалай балаларымызды жас кездерінде
намазға үйретуге жауапкер болсақ, дәл солай, оларды