Previous Page  263 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 298 Next Page
Page Background

263

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Дәрігерлерден:

«Емнің ең шипалысы қайсысы?»

Даналардан:

«Ғибадатқа құлшындырып, шабыт беретін не?»

Зәһидтерден:

«Аллаһқа берілуді күшейтетін ең жақсы нәрсе

қандай?»

Ғалымдардан:

«Білім үйреніп соны жаттауға не көмектеседі?»

Ел басшыларынан:

- Ең ләззатты және күшті азық қайсысы? – деп

сұралғанда барлығы:

«Аз жеп-ішу!» – деп жауап берген.

Өйткені азжеп-ішуде әсіресе ашжүрудежәне оразада

он жақсы ерекшелік бар.

1. Аштық халінде көңіл тыныштығы, зейін (жады)

күштілігі, ал тоқтықта ақымақтық және ұмытшақтық

пайда болады.

2. Аштық халінде жүректе сезімталдық пайда

болады. Сонымен дұға және ғибадаттардан ләззат

алынады. Тоқтықхаліндежүрекқатаядыда, ғибадаттан

ләззат алу мүмкін болмайды.

3. Аштық халінде қарапайымдылық пен мінез

жұмсақтығы,алтоқтықтатәкаппарлық,мақтаншақтық

және ашу күйлері қозады.

4. Аштық халінде кедейлер мен аш жүргендердің

қамын ойлау; ал тоқтық халінде оларды ойламау мен

ұмыту көрініс табады.

5. Аштық халінде нәпсілік армандарға деген

әуесқойлық басылады; ал тоқтықта керісінше жағдай

іске асады.

6. Аштық халінде дене жанды және тірі болады, ал