267
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
деген:
«Талайоразаұстағандарбар,бірақоларғаоразасынан
аш қалудан басқа нәрсе қалмайды! Түндерді намазбен
өткізген талай адам бар, бірақ оларға намаздарынан
ұйқысыз қалудан басқа нәрсе қалмайды!»
1
Намаз, әсіресе түнде оқылатын тарауық және
тәһәжжүд
намаздары
көңілдің
тыныштығын
қамтамасыз етуі керек. Осы мүбарак айда намаздарға
ерекше назар аудара отырып оқумен, Құран Кәрімді
хушуғмен (мағынасын түсінген бір сезімде) оқып,
зікірмен рухымызды сезімтал қылып, сонымен
қатар зекет және садақа берумен де ождан мен көңіл
тыныштығына жетуіміз керек. Құран Кәрім Рамазан
айында дүние аспанына түсірілгендіктен, осы мүбарак
айда Құранның тәрбиесіне кіріп ғибадаттарды да осы
бағытта бағалауымыз қажет.
Құран Кәрім негізінде жүрекпен оқылады. Көздің
міндеті жүрекке көзілдірік болу ғана.
Рамазан Шәриф, Ораза және Құран үштігінің
арасында нәзік бір байланыс және терең жақындық
бар.
Хазіреті Пайғамбар(СаллАллаһу ғаләйһи уә сәлләм):
«
Ораза мен Құран қиямет күні құлға шапағат
етеді»
.
2
«Ораза сабырдың жартысы»
3
, – деген.
Оразаның сауабы Аллаһ алдында ғана белгілі. Құдси
хадисте айтылғанындай:
«Адам баласының әр амалы өзіне қатысты. Ал
ораза ондай емес! Өйткені ол мен үшін. (Өйткені мен
жемеймін, ішпеймін және бүкіл адамдық сипаттардан
пәкпін). Сондықтан оразаның сауабын ерекше түрде
көп қылып мен беремін»
.
1
Аят кәримде былай айтылған: