Previous Page  264 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 264 / 298 Next Page
Page Background

264

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

тоқтық халінде ұйқы мен ғапылдық пайда болады.

7. Аштық халінде ғибадат пен құлшылықты жал-

ғастыру оңай; ал тоқтық халінде жалқаулық және

осалдық пайда болады.

8. Аштық халінде денсаулық жақсы болады; тоқ-

тықта дене әлсірейді де ауырып қалады.

9. Аштық халінде денеде жеңілдік пен рахат, ал

тоқтықта ауырлық болады.

10. Аштық халінде садақа беру сияқты қайырым-

дылық және инфақ жасау сезімі көбейеді. Бұл да құлды

қиямет күнінің үрейлі ыстығында салқын көлеңкеде

болуға жеткізеді. Ал тоқтық халінде сараңдық немесе

ысырапқорлық пайда болады да, бұл құлды зиянға

ұшыратады.

Яғни, тоқтық халі нәпсілік армандарды және оларға

бейімділікті қоздырып отырғанда; денені әлсірететін

жағдайға бармай ашығу – ойлау және сезу қабілеттерін

күшейтеді.

Хазіреті

Пайғамбар

(с.а.у.)оразаның

осындай

пайдалары болатынын баяндау ретінде:

«Ораза ұстаңдар (тәндеріңмен де, жандарыңмен

де) сауығасыңдар!»

1

,- деп бұйырады.

Хаққ Тағаланың ұлы пайғамбарларын тәрбиелеп

оларды уахиге дайындау тәсілінде оразаға ерекше-

лікпен орын беруі тәндік және рухани денсаулыққа

аштықтың арқасында жетілетінінің ең кәміл ишараты

болып табылады.

Негізінде пайғамбарлар, пайғамбарлық руханиятқа

жетуді оразамен бастаған. Кәмілдіктің шыңына

жеткенде белгілі бір уақыт адамзат әлемінен айырылған

пайғамбарларда, періштелік сипаттар көрініс тапқан.

Сонымен иләһи уахи бұлағынан келген нәрмен жүрек-

тері әрленіп және түйсіктері толып тасып кеткен. Осы

бағытта: