Previous Page  196 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 298 Next Page
Page Background

196

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

оқу,

10. Үш және төрт рәкағатты парыз намаздар мен

үтір намазында екінші рәкағатта «Тахият» оқыған соң

түрегелу,

11. Жамағатпен оқылғанда таң, ақшам және құптан

намаздарының бірінші және екінші рәкағаттарында,

қосымша жұма мен айт намаздарының бүкіл рәкағат-

тарында имамның Фатиха мен сүре немесе аяттарды

ашық дауыспен оқуы,

12. Бесін және екінті намаздарының бүкіл рәкағат-

тарында, ақшам және құптан намаздарының бірінші

отыруынан кейінгі рәкағаттарында сүрелерді өзі ғана

еститіндей дауыспен оқу,

13. Тарауық намазында және Рамазан айында

тарауықтан кейін оқылатын үтір намазында имамның

«Фатиханы және сүре немесе аяттарды» дауыстап

оқуы,

14. Имамға ұйыған кісінің «Фатиханы, қосымша

сүрелерді» оқымауы,

15. Үтір намазында «Құнұт дұғасын» оқу,

16. Айт намаздарындағы қосымша тәкбірлерді

айту,

17. Намаздың соңында оң жаққа және сол жаққа

сәлем беру,

18. Қажет болғанда сәһу сәждесін істеу,

19. Намазда сәжде аятын оқығанда сәждеге бару.

Намаздың Сүннеттері

1. Намазға бастарда, үтірде «Құнұт дұғасын»

бастарда және Айт намаздарындағы қосымша тәкбір-

лерді айтарда қолдарды құлақтарға дейін көтеру, кейін

қол байлау,

2. Әр намаздың алғашқы рәкағаттарында ішінен

«Субханәкә» дұғасын оқу және «Әұ’зү-бисмилләһ»