191
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
3. Жаза күнін қабылдап, жүрекпен бекітеді,
4. Раббыларының азабынан қорқады,
5. Намыстарын қорғайды,
6. Аманатқа және уәделеріне берік,
7. Куәліктерінде шыншыл,
8. Намаздарын қорғап жүреді.
Міне, осылар, Жәннатта сый көріп, күтілетін-
дер».
(Мағариж сүресі, 23-35 аяттар)
Уа, Раббымыз! Намаздарымызды шын мағынасымен
және хикметімен оқылған және миғраж секілді Саған
қауыштыратын, әрі қабылдауыңмен мәртебе тапқан
намаздардан қыла гөр! Намаздарымыз көзіміздің нұры,
көңіліміздің екі дүниеде де қуанышы болсын!
Әмин!..
ФИҚЫһ ҚАҒИДАЛАРЫ БОЙЫНША
ДӘРЕТ, ҒҰСЫЛ, ТӘЯММУМ, НАМАЗ
ДӘРЕТ
Дәреттің парыздары
1) Бетті жуу,
2) Қолдарды шынтақпен қоса жуу,
3) Бастың төрттен біріне мәсих тарту,
4) Аяқтарды тобықпен қоса жуу.
Дәреттің сүннеттері
1) Дәрет алуға ниет ету,
2) Дәретті «ағузу-бисмилләһ»
1
деп бастау,
3) Әуелі қолдарды білезікке дейін жуу,
4) Тістерді мисуәкпен немесе тіс шөткесімен жуу не
болмаса саусақтармен ысқылап жуу,