Previous Page  192 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 298 Next Page
Page Background

192

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

5) Дәреттежуылуға тиісті мүшелерді бірі құрғамас-

тан, араны үзбей жуу,

6) Жуылған мүшелерді жақсылап ысқылау,

7) Ауызға үш рет су алып шаю,

8) Ораза тұтпаған кезде ауызды тамаққа дейін

шаю,

9) Мұрынға үш рет су тартып сол қолмен сіңбіру,

10) Жуылуға тиісті мүшелерді үш рет жуу,

11) Қол мен аяқты жуғанда оң жағынан бастау,

12) Қол мен аяқты жуғанда саусақтардан бастау,

13) Сақалы барлар сақалдарының арасын тараштап

жуу,

14) Саусақтағы жүзікті қозғап, суды астына

жеткізу,

15) Құлақтарға мәсих тарту,

16) Мойынға мәсих тарту,

17) Бастың бәріне мәсих тарту,

18) Саусақтардың арасынысқылау, яғни екі қолдың

саусақтарын бірін-біріне үстінен кидіріп тараштау.

ҒҰСЫЛ (Бой дәрет)

Парыздары

1) Ауызға су алып, тамаққа дейін шаю,

2) Мұрынға су тартып жуу,

3) Барлық денені құрғақ жер қалдырмай жуу.

Сүннеттері

1) Ғұсылға ниет ету,

2) «Бисмилләһ»пен бастау,

3) Денеде болған лас жерлерді тазалау (қолтық және

етек жүнін қыру)

4) Әурет жерлерді (айып жер) жуу,