195
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
орындалуға тиісті және ең аз дегенде үш қысқа аят
көлеміндей оқу қажет.
4-Рукуғ: Қырағат біткен соң қолдар тізеге жететіндей
еңкейіп тұру.
5-Сәжделер: Рукуғдан кейін аяқ, тізе және
қолдармен бірге маңдай және мұрынды жерге тигізіп,
қос мәрте сәжде қылу. Жалғыз маңдай немесе жалғыз
мұрынның жерге тиюі жеткілікті емес. Маңдайдың жер
қаттылығын сезуі қажет. Жамағат көп болған жағдайда
артқықатардағыларалдағықатардағылардыңарқасына
сәжде қыла алады.
6-Ақырғы отырыс: Намаздың соңында «тахият»
дұғасы оқылатындай уақыт отыру.
Намаздың Уәжіптері
1. Намазды «Аллаһу Әкбәр» деп бастау,
2. Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында,
үтір және нәпіл намаздардың әр рәкағатында «Фатиха»
сүресін оқу,
3. Фатиха сүресін ең аз дегенде үш қысқа аят
көлеміндегі Құран аятынан немесе сүресінен бұрын
оқу,
4. Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында,
үтір және нәпіл намаздардың барлық рәкағаттарында
Фатиха сүресінен кейін бір сүре немесе ең аз дегенде үш
қысқа аят немесе ұзын бір аят оқу,
5. Сәжде қыларда маңдаймен бірге мұрынды да
жерге тигізу,
6. Екі сәжденің арасын үзбей жасау,
7. Тағдилу әркәнді қадағалау, яғни әр рүкінді
бабымен орындау,
8. Үш немесе төрт рәкағатты намаздардың екінші
рәкағатынан кейін отыру,
9. Алғашқы және соңғы отыруларда «Тахият»