184
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
әскерлері
Ибраһим(ғаләйһиссәләм)нан
қасындағы
әйелдің кім екенін сұрайды. Аллаһтың досы Ибраһим
(ғаләйһиссәләм) әйелін, хилә шәрғия
1
жасап, «дін
бауырым» мағынасында, «қарындасым» деп танысты-
рады. Ибраһим (ғаләйһиссәләм) берген осы жауаптан
кейін Перғауын әскерлері оған тимей Хазіреті Сараны
сарайға алып барады. Бухаридің хадис кітабында былай
айтылған:
«Сара сарайға кіргенде, дереу дәрет алып екі рәкағат
намаз оқыды да Аллаһ Тағалаға сиынды. Хаққ Тағала
сонда оны қорғады».
АқырыХазіреті Сараға жақындайын дегенПерғауын
дем ала алмай, сал болып, денесі тырысып қалады.
Өйткені Хазіреті Сара Аллаһ Тағаланың қорғауында
еді.
Болған
істі
көрген
Перғауын
жанталасып
қорыққанынан Хазіреті Сараны еркін қоя берді. Әрі
Хажар атты күңін оған сыйлыққа қосып береді. Таң
қалып қарап тұрған уәзірлеріне Перғауын:
«Мына әйел жындардың арасынан келген-ау. Менің
қасымда тағы біраз болса, жойылып кететін едім. Зиян
тигізуінен сақ болу үшін оған Хажарды бере салдым!»
– деді.
Міне, Аллаһқа деген шынайылықпен оқылған екі
рәкағат намаздың дүниедегі көрінісі!
Дұп-дұрыс Оқылған Намаз
Құран Кәрімде Аллаһ Тағала намазға қатысты
бұйрықтарын «Намаз оқыңдар!» түрінде емес:
«Намазды дұп-дұрыс оқыңдар!» түрінде берген.
Дұп-дұрыс оқылатын намаз, мүминді нәпсілік
бейімділіктердіңиірімінетүсуденқорғайтын,әрішаттан-
* Хилә шәрғийя: Шариғатқа теріс келмейтіндей айла жасау.