182
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Айша анамыздан сіңілісі Хазіреті Әсма былай деп
сұрады:
-Бұл азап немесе қиямет белгісі ме?
Хазіреті Айша:
-Иә, – деді.
Амр бин Ас (радиаллаһу ғанһу) былай нақыл етеді:
«Күнтұтылғанеді.АллаһтыңЕлшісі(с.а.у.) түрегеліп
намазға тұрды. Қиямы ұзақ болғаны соншалық
рукуғқа еңкеймейді деп ойлап қалдық. Содан кейін
рукуғқа еңкейді де, ұзақ уақыт сөйтіп тұрды. Біз тағы
да басын көтермейді деп ойладық. Сонан соң сәждеге
жығылды да, ұзақ уақыт сәждеде болғандығынан басын
көтермейді деп ойладық. Содан кейін сәждеден тұрды
да, ұзақ уақыт отырды. Енді сәждеге жығылмайды
деп ойладық. Сонан соң сәждеге жығылды да, сондай
ұзақ уақыт жатты. Біздер тағы да басын көтермейді
деп ойладық. Біраз уақыттан кейін түрегелді де келесі
рәкағаттарда да осылай істеді. Ол сәжде етерде жылап
жатқан еді.
Кейін былай жалбарынды:
«Уа, Раббым! Мен араларынд болғанша азап
етпейтініңнін уәдесін маған бермеп пе едің? Олар
истиғфар етуді(кешірім сұрауды) тоқтатпайынша
азап етпейтініңнін уәдесін бермеп пе едің?»
Пайғамбар(с.а.у.) намаздыбітіргендеКүнқайтадан
ашылып, сәулесін жан-жаққа төге бастады».
1
Осы пайғамбари баян Күннің тұтылуының жай бір
табиғат болмысы емес екендігін көрсетеді. Күн тұтылуы
Аллаһтың ұлылығын және азаптың қорқынышты
түрін еске салуда. Бұл сонымен қатар қиямет белгісі
деп табылады. Өйткені айналаның күндізгі уақытта
бір сәтте қарайып кетуі, Ай мен Күннің иләһи бұйрық
және құдіретпен әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа
қалай бас игендерін және қияметте болатын ахуалды аз