Previous Page  177 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 298 Next Page
Page Background

177

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Аллаһ Расулі (с.а.у.) құлдың дүниеге және ақіретке

қатысты қажетіне жетіп алуы үшін Аллаһқа намаз

арқылы жалынуды баян ретінде былай деген:

«ӘркімніңАллаһтан немесе бір адамнан сұрар қажеті

болса алдымен жақсылап дәрет алсын да, екі рәкағат

намаз оқысын. Кейін Аллаһқа мадақ әрі шүкіршілігін

айтсын және Пайғамбарына салауат айтсын. Одан кейін

мына дұғаны оқысын:

«Халимжәне Кәрим Аллаһтан басқатәңір жоқ. Ұлы

Аршының Раббысы кемшіліктерден пәк. Мадақ та тек

әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән.

Аллаһым! Мейіріміңді тартатын нәрселерді,

толық кешіріміңді, қайырдың шыңы саналатын

‘бирр’ге

1

жетуді, әр-түрлі күнәдан алыста болуды

сенен сұраймын. Сен кешірмеген ешбір күнә, рахатқа

айналдырмаған ешбір қайғы және сенің ризаңа сәйкес

бола тұра бермеген ешбір қажет қалдырма, Ей,

мейірімділердің ең мейірімдісі, Аллаһым!…»

.

2

Түннің Ерекшелігі және Тәһәжжүд Намазы

Аллаһ алдында әр уақыттың бөлек, өзіндік

ерекшеліктері бар. Кейбір уақыттар басқа уақыттарға

қарағанда өте бағалы болып саналады. Осындай

уақыттардың біреуі

ят кәримдерде және хадис

шәрифтерде түн уақыты екендігі баяндалған.

Аллаһ Тағаланың түн уақытына берген бағасы

және соған жасырған сырлары сан жетпестей көп. Осы

орайда Раббымыздың

«Түнге және түн ішінде болған

нәрселерге ант болсын!»

(Иншиқақ сүресі, 17-аят) және

«Тыныш күйіндегі түнге ант болсын…»

(Духа сүресі,

2-аят) секілді серт беруіндегі сырлар, сана сезіміміз

бен жан дүниемізге талай ақиқаттарды көрсету үшін

* Бирр: тақуа, салиһ амал, жақсылық, әдемілік, мойынсұну, қайыр