

174
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Сондықтан парыз намаздар нәпіл намаздарға, ал
нәпіл намаздар парыз намаздарға кедергі жасамайды.
Керісінше нәпілдер парыздарды күшейту міндетін
атқарады. Бұл жайда ең маңызды болғаны бәрін
орынында және уақытында оқуға тырысу.
Хадис шәрифте айтылады:
«Құл қиямет күні алғаш болып намазынан есепке
тартылады. Егер намазы дұрыс және жақсы болса,
сөзсіз ол құтылады, мұратына жеткен болады. Егер
намазы түкке жарамайтын және бұзылған болса,
ондай құл зиянға ұшырағандардан болады. Парыз
намазда толық болмай шықса Аллаһ Тағала:
«Қараңдар, құлымның нәпіл ғибадаттарынан
парыздағы кемшілікті толықтыратын бір нәрсе бар
ма?» – деп бұйырады.
Басқа амалдар тұрғысында да жағдай дәл осындай
болады»
.
1
Ондай болса:
«Парыздарды орындау жеткілікті. Оларды дұп-
дұрыс өтесек жетеді!» - деп ойлау, айту үлкен ғапылдық
болып келеді.
Өйткені парыздарды толық және қатесіз орындай
білу және олардың барлығының Аллаһ алдында қабыл-
данатындай лайықты түрде өтей білу мүмкін емес.
Қаншалықты көңіл аударып абайласақ та, кейде
бір қателеріміз, кемшіліктеріміз болып қалады да
қабылдану мәртебесінен алысқа түсіп қаламыз. Сон-
дықтан осы кемшіліктердің орнын толықтыру үшін
нәпілдерден басқа шара жоқ.
`
Рабиға бин Қағб әл-Әслеми (радиаллаһу ғанһу)
айтады:
«Түндері Пайғамбар (с.а.у.)нің қасында болып, оның