

178
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
ашылған иләһи терезе.
Түн жұмсақ әрі ыстық төсектерді тек қана Аллаһ
Тағаланың ризалығы үшін тастап, тек махаббатпен
Жаратқан алдында бас қою кезі. Сондықтан түн ішінде
қандай да бір арнайы парыз бір амал болмағанымен,
оқылған намаздардың Аллаһқа жақындау жөнінен
маңыздылығы өте үлкен. Сондықтан көңілдерде
Аллаһқа деген махаббат қаншалықты күшті болса,
тәһәжжүд намазына деген көңіл аудару және ынта
соншалықты болады.
Аллаһтың Пайғамбары (с.а.у.) кей түндері аяқтары
ісіп кеткенше намаз оқитын. Одан:
«Уа, Расулаллаһ! Аллаһ Тағала Фатх сүресінде сізді
толығымен кешіргенін баяндаған емес пе еді? Неге
өзіңізді сонша шаршатасыз?» – деп сұрағандарға Ол:
«Шүкір етуші құл болмайын ба?»
– дейтін.
1
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Әбу Зәррден бірде:
«Сапарғашығатын болсаң дайындық істер ме едің?»
– деп сұрады.
Әбу Зәрр:
«Әрине, уа Расулаллаһ!» – деді.
Хазіреті Пайғамбар(с.а.у.):
«Ал қияметкүніне деген сапар қалай болады?Маған
құлақ түр, сол күні саған пайдасын тигізетін нәрсені
айтайын ба?» – деп сұрады.
Әбу Зәрр:
«Әрине, уа Расулаллаһ! Әкем-шешем жолыңа құрбан
болсын!» – деді.
Әлемдердің мырзасы:
«Қайтадан тірілу күні үшін күйіп тұрған ыстық
күнде ораза тұт. Қабірдегі жалғыздық үшін түннің
қараңғылығында екі рәкағат намаз оқы. Қиямет күні