176
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бір садақа; жамандыққа бөгет болу бір садақа. Ал
оқылатын екі рәкағат духа намазы, осы садақа болған
істердің барлығын қамтиды»
.
1
Әууабин Намазы
Хадис шәрифте айтылады:
«Кімде-кім ақшам мен құптан арасында намаз
оқыса, сол әууабиндердің (Аллаһқа бұрылғандардың)
намазы болады»
.
2
Тахийәтул-мәсжид Намазы
Расулұллаһ (с.а.у.) айтады:
«Сендердің әрбіреуің, бір мешітке кіргенде екі
рәкағат намаз оқымай отырмасын!»
3
Тарауих (тарауық) Намазы
Хазіреті Айша (РадиАллаһу анһә) айтады:
«Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) Рамазан айында
ғибадатқа басқа айлардан ерекше көңіл аударатын.
Рамазанның соңғы он күніндегі ынтасы басқа
күндердегіден де арта түсетін»
.
1
Тағы бір хадистерінде былай деген:
«
Кімде-кім Рамазан түнін, сауабына сеніп және
имандылықпен, намазбен өткізсе бұрын істеген
күнәларының барлығы ғапу етіледі
».
2
Истихара Намазы
Адамның алдында тұрған екі істің, қайсысының
қайырлы екенін білу үшін Аллаһқа жалбарыну ретінде
оқылатын намаз.
Жабир бин Абдұллаһ айтқан:
«Аллаһ Расулі (с.а.у.) бізге Құраннан бір сүре
үйреткендей қылып, истихараны үйрететін…».
3
Қажет Намазы