

173
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«
Ей, иман келтіргендер! Жұма күні намазға
шақырылған кезде сауда-саттықты(дүние істерін) қоя
тұрып, дереу Аллаһты зікір етуге асығыңдар! Егер біле
білсеңдер, әрине бұл сендер үшін өте қайырлы»
.(Жұма
сүресі, 9-аят)
Нәпіл Намаздар
Хаққ Тағала бір құдси хадисінде былай айтады:
«Кімде-кімменің(әулие)құлыма дұшпандықжасаса
мен де оған соғыс ашамын. Құлымды маған жақында-
татын нәрселер арасында маған ең көп ұнайтыны оған
парыз қылынғандардыорындауы.Мұнымен бірге құлым
нәпіл ғибадаттарымен маған жақындай береді. соның
нәтижесінде менің махаббатыма жетеді. Егер оны
сүйетін болсаммен оның еститін құлағы, көретін көзі,
ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Ол менен бір
нәрсе сұрасаберемін, мененпана сұрасаоныкепілдемеме
алып, қорғаймын. Мен мүмин құлымның рухын аларда
оныңжаныналып-алмаутуралыойланғанымдай, басқа
істерімде ойланбадым. Өйткені ол өлімді ұнатпайды,
менде ол ұнатпаған нәрсені ұнатпаймын…»
.
1
Сондықтан салиқалы мүминдер парыз намаздарға
қосымша сапарға шығарда, қорқынышты сәттерде,
бір нәрсеге қажеттері болғанда, түн ішінде және басқа
уақыттарда Расулұллаһтың (с.а.у.) ұлы сүннетіне
байлана намаз оқиды. Әрі оларды Аллаһ Тағала:
«…Олардың жүздерінде сәжде ізі бар…»
(Фатх сүресі,
29) аятымен таныстырады.
Намаз олар үшін мүлде басылмайтын шаттану.
Расында нәпіл намаздар да осы күйдің жалғасуы
үшін орындалады. Әсіресе Хазіреті Пайғамбар(с.а.у.)
ешқандай күнәсі қалдырылмай кешірілген босла да,
түндерде аяқтары ісігенге дейін намаз оқитын, көзі
талғанға дейін Құран оқитын.