168
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Кімнің алдына шығатынымнан хабарларың жоқ
па?» – деп жауап беретін.
Мүслим бин Асардың намазы да осындай еді. Ол
Басра қаласында бір мешітте намаз оқып жатқан еді.
Сол уақытта мешіттің бір бөлігі қатты құлап қалды.
Бірақ Мүслим бин Асар, бұдан хабарсыз күйде намазын
жалғастырып жатқан. Сәлем беріп болған соң:
«Мешіт құлап қалды, ештеңе істемедің? Бұл қандай
ахуал?» – деп сұралды.
Ол таңырқаған кейіппен:
«Мешіт құлап қалды деймісің?» – деп намаз кезінде
еш нәрсе сезбегенін білдірді.
Аллаһ достарының(әулие) біреуі айтады:
«Зүннун Мысридің артында екінті намазын оқып
едім. Ол мүбарак құл «Аллаһу әкбар» деп намазға
бастағанда «Аллаһ» деген сөздің әсері оған өте күшті
болып, денесінен жаны шығып кеткендей болды
да, сөйтіп қатып қалды. «Әкбар (ең үлкен, ең ұлы)
деген кезінде сол тәкбірдің айбатынан менің жүрегім
жарылғандай болды».
Қазіргі күнімізде сахабалар және олардың артынан
жүргенданалароқығаннамаздыңаясынакіреалмағандар
намаздағы ләззатқа, шаттығуға бөтен тартқандықтары
соншалық оның ұлы құрамыжәне дәрежесі жайында да
күдіктенеді. Ғапылдықмәжілістерінде (ойын-сауықт.б.
болған жерлерде) жалғ н әрі арзан ләззаттар үшін таң
атқанға дейін отырылғанда осы істерден шексіз дәреже
артық рухани ләззат сыйлайтын (намаз оқу, Құран оқу,
зікір ету) үшін көздер, көңілдер неге таңға дейін ояу
болмасын? Бірақ осы ләззатты татпағандарға және тата
алмағандарға түсіндіру әлбетте қиын.
Негізінде, шынайы намаз құлды шүкіршілікке,
Аллаһты жақсы түрде біліп сенуге және шынайы
құлшылықтың кәмілдігіне жеткізеді. Сондықтан