Previous Page  171 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 298 Next Page
Page Background

171

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

толық оқыса, Аллаһ оны қиямет күні Жәннатқа

қоятынына қатысты нақты уәде бергендей болады. Ал

кім мән бермей, кем-кетік оқыса, Аллаһ алдында оған

берілген ешқандай уәде жоқ. Қаласа оған азап етеді,

қаласа кешіреді».

2

Тағы да басқа хадистерінде былай айтқан:

«Үлкен күнәлардан сақ болу шарттарымен оқылған

бес уақыт намаз және екі жұма намазы, сол аралықта

істелген кішкене күнәларға кәффарат болады».

1

«Мұсылман баласы парыз намазының уақыты

кіргенде жақсылап дәрет алса және хушуғ күйінде әрі

рукуғын да дұрыс жасап намазын оқыса, үлкен күнә

істемейінше оқыған бұл намазы бұрынғы күнәларына

кәффарат болады. Бұл әрқашан осылай»

.

2

Бес уақыт парыз намаздың әр біреуінің бөлек бағасы

және маңыздылығы бар. Күннің белгілі уақыттарына

белгіленуі де адам үшін рухани әрі денелік мың

бір пайдалар және хикметті қамтиды. Сондықтан

әрбіреуіне өзгеше көңіл бөлу керекжәне шынжүрекпен

орындалуыжайында ғапыл болмау қажет. Аллаһ Тағала

былай айтады:

«Олай болса, сендер, кеш болғанда және таң атқан-

да; күндіздің соңында және түске жеткенде Аллаһты

ұлықтаңдар! Көктерде және жерде мадақ тек Аллаһқа

ғана тән»

.(Рум сүресі, 17-18 аяттар)

Абдұллаһ Ибн Аббас (РадиАллаһу анһүмә), осы екі

аяттың бес уақыт намазды қамтитынын баян етіп былай

айтқан:

«Аятта «таң атқанда» деген сөз таң намазына;

«Түске жеткенде» деген сөз бесін намазына;

«Күндіздің соңы» деген сөз екінті намазына;

«Кеш болғанда» деген сөз ақшам және құптан

намаздарына ишара жасайды».