

166
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Сонымен қатар Әлемдердің Мырзасы Хазіреті
Мұхаммед (с.а.у.) көкірегінен намаз кезінде кейде
қазанда қайнап жатқан судың дауысы секілді дауыс
естілетін.
Айша (радиАллаһу анһә) айтады:
«Расулұллаһ (с.а.у.) намазға тұрғанда кейде
жүрегінен
қазанның
қайнауына
ұқсас
дауыс
естілетін».
2
Хазіреті Айша анамыз Пайғамбар (с.а.у.)нің намаз
оқуы туралы тағы былай дейді:
«Расулұллаһ бізбен сөйлесіп әңгіме айтатын. Бірақ
намаз уақыты кіргенде біздерді танымайтын бір күйге
бүркеніп, бүкіл болмысымен Аллаһқа бұрылатын…»
.
1
Міне, намаздарда осы ұлы ахуалдан несібе ала білу –
көңілдің жалғыз мақсаты болуы қажет. Бұл толығымен
мүмкін болмаса да, ең болмағанда сол бағытқа қарай
талпынып, жігер жұмсау керек.
Мына хадис шәрифтің мағынасы қандай терең:
«Намазға тұрғанда соңғы намазым деп оқы! Ертең
өкінетін істер жасама! Адамдардың ғапылдықпен
армандағандарына көңіл бөлуді таста!».
2
Расулұллаһтың(с.а.у.) мүбарак мәжілісіне қатысып,
оның сұхбатымен тәрбиеленген сахабаларының және
олардың артынан ерген мүминдердің ахуалдары ылғи
да осы хадис шәрифтің мазмұнына сәйкес болған.
Ислам Ұлыларының Намазы
Хазіреті Омарды бір мәжуси (отқа табынушы)
жарақаттаған еді. Қан тоқтамай аға берді де, біраз
уақыттан кейін талып қалды. Оның осы талуы өліп бара
жатқан адамның талғаны сияқтықатты еді. Бірақ намаз
уақыты кіргенде құлағына еңкейіп:
«Намаз, ей, Омар, намаз!»- делінгенде таң қалдырар-