Previous Page  162 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 298 Next Page
Page Background

162

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

рухани тараптан да денелік жақтан да намаздың

ақиқатына дайын болу қажет.

Көңілжәнедененіңбірдей,қатарнамаздаболуларына

әрі талап етілген хушуғ жайына Ислам даналары

ерекше назар аударып, бұл мәселеде абай болу қажетті

болатын нүктелерді баяндарда, астарлы сөзбен мына

үш топтың (кісінің) намаздарының қабыл етілмейтінін

жариялаған:

1. Аңшы

2. Жүк тасушы

3. Саудагер

Мұндағы аңшы тобы дегені, намаз оқырда көзімен

жан-жағын бақылап тұратын, және басқа мүшелерімен

көпқимылдайтынкісі (яғниқолыменжан-жағынқайта-

қайта қасу, белбеуін түзеу, шұлығына, өз киіміне қарай

беру сияқты); жүк тасушыдегендері, қыстап тұрса да,

дәретін жаңаламай намаз оқитын кісілер; саудагер

тобы дегендері намаз кезінде ойы мен көңілін дүниелік

істерден айықтыра алмайтын кісі. Бұл үш кісі намазда

болуы талап етілген хушуғ және тыншу

1

күйіне жете

алмайтындықтарынан ғибадатқа беріле алмайды және

жай ғана намаз оқыған болады, әрі оның қылықтары

Аллаһ алдында мүлде қабылданбайды.

Мына хадис шәрифтер бұл ақиқатты айқындайды:

«Қайсыбіреуің намазға тұрғанда, бүкіл денесі

әрекетсіз болсын. Еврейлер сияқтыырғалыптұрмасын.

Өйткені дененің намазда әрекетсіз, тыныш тұруы

намаздың толық болуы үшін қажетті бір бөлшек»

.

2

«Намазда жеті нәрсе Шайтаннан (яғни Шайтан

ұнатқан нәрселер): мұрыннан қан ағуы, ұйықтау,

күмәндану, есінеу, қасыну, жан-жаққа қарау және бір

нәрсемен ойнау..».

3

Ал сырттай хушуғ күйінде, бірақ көңілі хушуғ

күйінен алыс күйде болса, оны мүнафиқтық хушуғ