Previous Page  183 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 298 Next Page
Page Background

183

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

да болса айнадан көрсетуде. Осы жағдай, адам баласы

бұдан ғибрат алсын және үнемі көңілі ояу болсын,

жалған дүниеге алданбай бар нәрсенің уақытша екенін

білсін де, мәңгі әлемге деген дайындықтарын жасай

берсін деген иләһи мақсат бойынша іске асуда. Өйткені

тұтылған Күннің қайтып ашылмай қалуы да мүмкін.

Аллаһ Тағала тарапынан болған осындай ескерту

көріністерін басқа түрде көруге де болады. Мысалы

жер қыртысының жарықтары осындай. Аллаһ Тағала

осы жер жарықтарын қозғалысқа келтірмей-ақ көпші-

ліктің жанын ала алады. Бірақ бұрыннан осы жер

жарықтарын тағдыр етіп оларды үнемі құлдарының

көз алдында ұстап сөзсіз іске асатын ақиқатты (қиямет)

әр бір сәт ескерту арқылы адам баласының ақірет

жұртына дайындалуда ғапыл қалмай, ояу халде болуын

қамтамасыз ету үшін осы көріністерді негізінде сыйлық

ретінде берген. Сел тасқыны, боран, емі жоқ аурулар

т.б. барлығы осы сияқты.

Намаз дүниедегі бірталай апат, пәлекет және

қиыншылықтарға әрі ақіреттегі Жәһаннам отына

қалқан болады. Аллаһ Тағала былай айтады:

«Ей, иман келтіргендер! Сабыр және намаз арқылы

жәрдем сұраңдар!.».

(Бақара сүресі, 153-аят)

Мысыр өлкесінде үстемдік құрған Перғауындар

зұлымдықтарымен тарихта мәшһүр болған. Хазіреті

Ибраһим дәуірінде де олар Мысырды басқарып тұрған.

Перғауын өз мемлекетіне кірген сұлу әйел болса оны

дереу ұстап алатын. Күйеуі болса оны өлтіретін. Ал

тұрмысқа шықпаған әйелді туысынан сұрататын.

Ибраһим (ғаләйһиссәләм) Нәмрудтің құрып кетуінен

кейін Урфа қаласынан (қазір Түркияда) шығып,

қасында әйелі Сара анамыз бар, Мысыр шекарасынан

өтіпбаражатқандаПерғауынестіпқояды.Перғауынның