185
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
дырып иләһи фәйзге жеткізетін өте абзал ғибадат. Аят
кәримде былай айтылады:
«Намазды үнемі оқы! Сөзсіз намаз арсыздықтан,
әдепсіздіктен, тыйылған нәрселерден; ақыл мен дін
ұнатпайтыністерденжәнекүнәданқорғайды».
(Ғанкәбут
сүресі, 45-сүресі)
Намаздың жаман істердің жасалуына бөгет болуы
намаздан бұрынғы болсын, намаз кезіндегі болсын,
намаздан кейінгі болсын барлық уақытты қамтиды.
Егер оқылған намаздың кісінің ахуалына осындай
ықпалы болмаса, ол кісі шын мәнінде намазын оқыған
болып есептелмейді. Ондай адамдардың намаздары
туралы Аллаһ Расулі былай деген:
«Кімде-кім намаз оқыса және сол оқыған намазы
оның ашық және жасырын түрдегі жамандықтар
істеуіне бөгетболмаса, намазытек қана оныңАллаһқа
деген ұзақтығын ғана арттырады».
1
Сондықтан намаз оқырда көңіл аударылатын ең
маңызды жағдай сөзсіз хушуғ күйінде оқу.
Ғапылдықпен Оқылған Намаздар
Әдебінен жұрдай және ықыластан алыс көңілмен
оқылған және Шайтан қатысқан намаз, құлдың бетіне
лақтырылатын кір шүберек сияқты есептеледі. Аят
кәримде айтылған:
«Сол намаз оқығансып жүргендерге нендей өкініш!
Намаздарынан бейқам жүреді, тек көрер көзге оқыған
болып көрінгілері келеді. Ондайлар титтейін қол ұшын
беруді де аяйды»
.(Мағун сүресі, 4-7 аяттар)
Мүфәссирлер намаздан бейқам жүру жайында үш
мәселе қозғайды:
1. Намаздың уақытынан ғапыл қалып, оны қазаға