Previous Page  153 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 298 Next Page
Page Background

153

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

тек Аллаһпен ғана бірге болуға арналған. Осы халдегі

намазда үнемі миғраждағы «қаабә қаусәйни әу әднә»

және «мүшәһәдәи илаһи»

1

күйінде болған Пайғамбар

(с.а.у.):

«Намаз көзімнің нұры»

1

– деп айтқан.

Намаз арқылы жетілетін кәмілдік, тыныштық,

алаңсыз болу әрі көңілдің орнығып басылуы және

Аллаһқа жақындық деген сезімге ешбір ғибадатпен

жетуге болмайды. Дүниеде намаздың мәртебесі

ақіретте Аллаһты көру мәртебесімен бірдей сияқты.

Өйткені құлдардың дүниеде Аллаһқа ең жақын болған

сәттері намаз сәттері. Ең терең ләззаттар мен рухани

тебіреністер, табыстар намазда. Бүкіл ғибадаттар

құлды намазға дайындау үшін баспалдақ сияқты

делінсе орынды болады. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар

(с.а.у.)нің баянымен намаз:

«Дінніңдіңгегі,иманменжүректіңнұры,бақыткілті

және мүминдердің миғражы»,

– деп таныстырылған.

Бүкіл ұлы құрамымен намаз Аллаһ пен құл арасында

екіге бөлінген ерекше ғибадат. Яғни ол тап Фатиха

сүресі сияқты. Бұл сүре бисмилләдан « »ге

дейін Хақ Тағалаға қатысты. Ал «

« » аяты бір жағымен Аллаһқа

қатысты болса, енді бір жағымен құлға қатысты. Бұл

құлдың Хаққ Тағалаға құлшылығын, Аллаһтың құлға

деген тәңірлігін қамтиды. Яғни мағбудтың тек Аллаһ

қана екені ақиқаты бойынша құл ғибадатын жалғыз-ақ

Аллаһқа арнауы қажет. Ал бұдан кейінгі аяттар құлға

қатысты. Расында хадис құдсиде былай баяндалған:

«Намазды өзіммен құлымның арасында екіге бөлдім.

Жартысы менікі, жартысы оныкі».

2

Сондықтан намаз Аллаһ пен құл арасында дұға, әрі

зікір болып келеді. Хаққ Тағала айтады:

«Мені зікір ету үшін намаз оқы!».

(Таһа сүресі,14-