Previous Page  152 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 298 Next Page
Page Background

152

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

лердің сүйіспеншілігіне дәнекер болады. Намаз

пайғамбарлардың жолы, мағрифат (Аллаһты шын

мағынасындатану)нұры,иманныңнегізіәрідұғалардың

қабылдануынададәнекер.Амалдарнамазарқылықабыл

болып, ырысқа береке келтіреді. Намаз денені рахатқа

бөлейді, дұшпандарға қарсы қару болып, шайтанды

қашырады және өлім періштесі мен намаз оқушы

арасында шапағатшы. Қабірде әрі шырақ, әрі төсек.

Мүнкәр мен Нәкір деген періштелерге жауап. Қияметке

дейін жолдас. Қиямет күнінде намаз оқитындардың

үстінде көлеңке, бастарында тәж, денесіне киім,

алдында жүретін нұр. Адамдардан ажыратып тұрар

перде. Раббылары алдында мүминдердің құжаты.

Мизанда (таразы) ауырлық. Сыраттан (қыл көпір) өту.

Жәннаттың кілті. Өйткені намаз тәсбих (пәктеу), хамд

(мадақтау), тағзыйм (ұлықтау), Құран оқуды, әрі дұға

ғибадаттарының барлығын қамтиды. Сөздің қысқасы,

абзал амалдардың барлығын, уақытында оқыған намаз

қамтиды».

Сондықтан намаз – Аллаһпен кездесу, оған қауышу

орны, әрі үмбетке кішкене миғраж ретінде сыйланған.

Құран Кәрімде

«Сәждеге жығыл да жақында!»

(Алақ

сүресі, 19-аят) – деп бұйырылғаны бойынша Раббының

алдына шыға білу нығметі де намаз арқылы мүмкін

болады.

Шын намазда құлдың Аллаһқа табынып, бағынуына

бөгет болатын барлық нәрселер арадан шығады да,

дүниеліктің бәрі ұмытылады. Құл мен Мағбуд намаз

мәжілісінде бірге болады. Құл иләһи сырлардың

тереңдіктеріне қарай кіре бастайды. Өйткені намаз

миғраждағы кездесудің артынан арада Жәбірейіл

періште болмай, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)ға фарыз

қылынғанжәне сонымен араға ешбір дәнекер қоймастан

*

Мағбуд

: өзіне құлшылық істеліп, табынылатын.

**

Мүшәһәдә-и иләһи

: Аллаһ Тағаланы көру.