147
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
алдында қабылдану шарты екенін өте айқын түрде
көрсетеді. Әрі мақсат Хаққ Тағаланың ризасына жету
болмайынша, сырт көзге ғана Аллаһ жолында өлу,
білім үйрену және байлықты қайырға жұмсау сияқты
негізінде ең күшті амалдар болса да иесіне пайдасын
тигізбейтінін баяндайды.
Ондай болса шынайы иман, тек лебізден ғана, ал
амалдар бірнеше жай әрі рухсыз әрекеттерден ғана
тұрмайды. Көңілдің тереңдіктерінен тасыған шынайы
сезімдермен Жаратушыға сеніп, оған сүйену, әмірлері
мен тыйымдарын разылықпен мойындау, әрі осы ахуал-
мен салиқалы амал істерде Оның ризалығынан басқа бір
мақсатқа назар аудармау қажет.
Ондай болса мәселенің тегі ықыласты әрі Аллаһқа
деген шынайылық иесі болуда. Сондықтан иман
негіздеріненажырағанбілімдеқабылданбайды.Өйткені
ондай білім, Құранда айтылған әрі мақталған білімнен
өте алысқа түседі. Физика, Химия, Астрономия, Био-
логия, Геология және т.б. сияқты әлемдегі жүйенің
заңдарын және өмірдің негіздері мен ерекшеліктерін
зерттейтін білімдердің де шынайы түрде, таза
ықыласпен бағалануы қажет. Өйткені бұл білімдердің
мазмұнындағы хикмет және құдірет ағыстары да
иман негізін құрастырады. Яғни, мұндай білімдер
де, материалисттік түсінікпен Аллаһтан алыстау
мақсатында қолданылмайынша, адамды Раббысына
және жаратылу се ебі болған құлшылыққа жетелеп,
жүректегі иманын нығайтады.
Ғибадаттар белгілі уақыттарда орындалады. Ал
иманның мұндай шектеуі уақыты жоқ. Ол үнемі әрі
тірі болуға тиісті. Ал керісінше жағдайда ешқандай
мәні жоқ нәпсі құмарлықтарының құйынына ілесіп,
жүректен шығып кетеді. Сонда құл, Қасас сүресінде
әңгімеленген Қарұн және Ағраф сүресінде түсіндірілген
Бәлғам бин Баураның
1
қайғылы соңдарына ұшырайды.