Previous Page  150 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 298 Next Page
Page Background

150

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Ислами Ғибадаттардың Алғашқы Шарты, Діннің

Діңгегі, Иманның Нұры, Мүминдердің Миғражы

НАМАЗ

Адамзат өмірі әлемнің жаратушысына жету

жолында ақиқат іздеу күресіне толы. Осы күрестер

адамның жаратылысында бар әрі өзгермейтін иман

келтіру және ғибадат жасау бейімділігінің табиғи

нәтижесі болғандықтан, Хаққ және ақиқаттан мақрұм

қалғандардың жаратылыстағы осы бейімділікті басып,

орнықтыру үшін әлсіз бір мақұлыққа табынуға дейін

баратын ақыл мен қисынға жатпайтын талай орынсыз

әрі ерсі қылықтарға бой алдырғаны қазіргі кезге

дейін айқын көрінетін шындық. Негізінде бүгін де

миллиондаған адамның, өгізжәне осысияқтымақұлық-

тардықасиеттеуінемесебұзылыпбұрмаланғандіндерден

көріп жүргеніміздей қиялдар да жете алмайтындай ұлы

Аллаһты қиял және бір түр пішінге сыйдыруға тырысу

сияқты антропоморфтік сенімдердің артында сеңделіп

жүргені бәрімізге мәлім.

Осы жағдайда адам баласы:

«Адамзатты әрі жындарды тек маған ғана құл болсын

деп жараттым». (Зарият сүресі, 56-аят) баянының бір

көрінісі болғандықтан, құл бола білу және құлдықты

іске асырабілусырыүнемі әріжойылмайтынқажеттілік

халінде.

Сондықтан ол, жаратылыстағы осы бейімділікті

адамдық абырой және қасиетіне лайық түрде бағыттай

алғанындай мөлшерде бақытқа және сәлеметке жетеді.

Өйткені адамзат иләһи құдіреттің мың бір нақыштары-

мен әшекейленген осы әлемде иләһи өнердің шыңы

болсын деп жаратылған әрі осы жаратылыстардың

ішінен Раббысын құрметтеп, Оған құлшылық етуге