146
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
сұрайды:
Ол да:
-Білім үйрендім. Оны басқаларына үйреттім. Сенің
ризалығың үшін Құран оқыдым, – дейді.
Аллаһ Тағала:
-Өтірік айтасың! Сен білім үйрендің, бірақ ғалым
десін деп үйрендің; Құран оқыдың бірақ оны қари
делінсін деп істедің. Шынында сол ниетіңе жеттің
де», – деп жауап береді.
Кейін ол құл хақында әмір шығарылып, отқа лақты-
рылғанға дейін қараусыз қалған күйде сүйретіліп
жүреді.
Үшіншіде Хаққ Тағала өзіне мал-мүлік беріп,
дәулет егесі болған құлы келтіріліп, Аллаһ алдына
шығарылады. Аллаһ оған берген нығметтерін де айтып
шығады.
Ол барлығын мойындаған соң Аллаһ Тағала одан да:
-Ондай болса бұлар үшін шүкіршілік ретінде не
істедің?- деп сұрайды.
Құл:
-Жұмсамаққа сен бұйырған ешбір қайыр жолын
қалдырмай, мал-мүлкімді тек сенің жолыңда ғана
жұмсадым, – деп айтқанда Аллаһ Тағала оған:
-Өтірік айтасың! Оларды жомарт деген атаққа ие
болу үшін жұмсадың. Расында солай болды да, – дейді.
Кейін бұл адам хақында да әмір шығарылып, отқа
лақтырылғанғадейінқараусызқалғанкүйдесүйретіліп
жүреді».
1
Осы хадис шәриф ықыластың амалдардың Аллаһ
* Осы екі «бұзақылық жолаушысы» дүниеге беріліп, өз әуестерінің
артында жүріп ақіретте зиянға ұшырағандардан