Previous Page  138 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 138 / 298 Next Page
Page Background

138

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Ибраһим(ғаләйһиссәләм) қайтыпқарағандаӘзірейіл-

ді өте қорқынышты бір айбатта көрді. Әзірейілдің

сондай бір адам шыдап тұра алмастай қорқынышты

бейнесін көрген Ибраһим (ғаләйһиссәләм) талып қалды.

Айыққанда Әзірейілді бұрынғы түрімен көрді де, оған

былай деді:

-Жаман кісіге еш нәрсе болмаса да, тек сенің жүзіңді

көруінің өзі оған жаза болуға жетеді!

Әрине кәміл мұсылман болып өмір сүрген салиқалы

кісілер үшін жағдайдың керісінше көрініс табатыны

сөзсіз.

Дүние мен ақіретте табысқа жеткізетін кәміл иман

құлды өмірінің соңына дейін мың бір түрлі сынақ

шеңберінен өткізеді. Егер нәтижесі дұрыс шықса құл

кәміл мұсылман, ал дұрыс шықпаса кәміл емес деп

табылады.

Сондықтан адамдар иманды және ерекшелі болу

идеясында машақатқа, қайғыруға толы мың бір

кезеңнен өткізіледі де сонымен Хаққ жолында иләһи

идеяның шыншылдары мен пасықтары бір-бірінен

айырылып белгілі болады. Сондықтан тек қана иман

келтіру жеткіліксіз. Оны, яғни иманды салиқалы, ізгі

амалдармен әшекейлеп иләһи сынақтарда табысқа

жеткізетін бір деңгейге көтеру қажет.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:

«Әліф. Ләм. Мим. Адам баласы тек «Иман келтірік»

деп айта салумен, еш сыналмай еркін қоя берілдік деп

ойлайды ма?»

«Ұлылығыма ант етемін, олардан бұрыңғыларды да

сынадық. Әлбетте Аллаһ адал жүректілер мен өтірік-

шілерді білуде».

(Ғанкәбут сүресі, 1-3 аяттар) иман мен

емтиханның бір-бірінің толықтырушысы екендігін

баяндаған.