Previous Page  132 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 298 Next Page
Page Background

132

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

сөз. Кімде-кім нақ ықыласпен және беріліп оны айтса

Аллаһ оны Жәннатқа кіргізеді. Кім оны сенбей жай

ауызбен ғана айтатын болса жаны, малы қорғалады.

Бірақ ертең Аллаһқа қауышқанда есебі де көріледі»

.

1

Тағы бір хадисте былай айтылады:

«Арттарыңнан ергендерді сүйіншілеңдер! Сүйінші-

леңдер! Кімде-кім жан-тәнімен шын беріліп « »

десе жәннатқа барады».

2

« » деген кісінің жүрегі тек Аллаһтың нұры-

мен толғанға дейін көңілін тәңірлерден, яғни өзін

ғапылдыққа апаратын жақсы не жаман бейімділік-

терден алыстатуы қажет. Сонда ғана әлемдегі иләһи

тәртіп, сырлар, хикмет және құдірет ағыстарын жүрек

сезе бастайды. Раббысының ұлылығын және өзінің еш

екендігін түсінеді.

Ақтық Демде

Шәһәдәт кәлимасын соңғы демде айта білу үлкен

нәсіп. Бұл үшін оның жүрегімізде орналасуы қажет.

Тәухид кәлимасы тек өмірлік тәжірибеге енген кезде

ғана жүрекке нық орналасады. Егер құл Аллаһтың

әмірлері мен тыйымдарын орындауда селқостық

көрсетсе және кемшілік танытып, немесе мүлде

орындамай тым созып жүрсе онымен тәухид кәлимасы

арасында үлкен бір жар-құз ашылады. Ол ғапылдықтан

қолын тартып, ауруын н айықпаса осы жар ашылған

үстіне ашыла береді деқұлменкуәліксөзініңбайланысы

әріптерінің айтылуынан аспай қалады. Бұл өмірдегі ең

үлкен зиян. Сондықтан өміріміздің әр кезеңі мен сәттері

түгелдей тәухид кәлимасымен астасып жатуы мәңгілік

бақытымыз үшін ең үлкен қажеттілік. Бақыттылық

ғасырында болған мына оқиға нендей ғибратқа толы:

Сахабалардың арасында Алқама есімді иманы күшті,

тақуалы бір жігіт бар еді. Қашан қызмет керек болса