Previous Page  127 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 127 / 298 Next Page
Page Background

127

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

жатқызылған құм даласында жаралы арыстанша

ақырды да, тәухид кәлимасын бар күшімен айқайлап

айтты.

Бұл қарсылықты көрген азғындар одан ары ашу-

ланып, оны ұра бастады. Ұрды, ұрды... Ашуларын баса

алмаймойынынажіпсалыпМеккекөшелерінде сүйреді.

Осылардың бәріне және басқа да түрлі зұлымдықтарға

қарамастан Біләл Хабеши (радиаллаһу ғанһу) Аллаһ

жәнеПайғамбарынадегенмахаббатқалқанынажүгінген

еді. Өзіне істелгендерді сезбеген күйде көңілі тек қана

АллаһқажәнеПайғамбарынамахаббатпен толып тасқан

еді.Жүрегі дүниедей кең бір халде, алайда материалдық

әлемде жағдайы өте нашар еді. Тіпті басында баспанасы

да жоқ болатын.

Міне, Хазіреті Біләлдың осы махаббаты оны құлдық-

тан көңіл тақтарындағы сұлтандыққа көтерді. Әлемнің

Мырзасы Пайғамбар (с.а.у.)нің сүйікті азаншы болып

өткен Біләлдың, соңғы демінде де Оған деген махаббаты

ауызында еді:

«Қуаныңдар, қуаныңдар! Мен Аллаһ Расулінің

қасына бару үшін сапарға шығып барамын..», - деді де

арғы жаққа жүріп кетті...

Ондай болса:

«Кісі сүйгенімен бірге»

1

хадис шәрифінің сырына

жету үшін мәңгілік ұранымыз:

«Пайғамбар сендерге нені берсе (бұйырса) соны

алыңдар, сендерді неден тыйса содан сақ болыңдар.

Аллаһтан қорқыңдар, сөзсіз Аллаһтың жазаландыруы

тым қатты».

(Хашр сүресі, 7) аят кәримде ишарат

етілген ақиқаттан шын мағынасында нәсіп ала білу

болуы керек. Өйткені Исламның алғашқы негізінің

бірінші бөлімін құрайтын тәухид кәлимасы Аллаһ

Тағалаға шынайы түрде құлшылық етуді қамтиды.