122
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
бірге Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.) иман келтірудің
маңыздылығы лайықты түрде аңғарылуы қажет.
Осы жайдағы көп аяттардың біреуінде былай
баяндалады:
«Кім Аллаһқа және Пайғамбарына бағынса, ол зор
табысқа жеткен болады».
(Ахзаб сүресі, 71-аят)
Аллаһ Тағала «Хабибім» деп атаған ол ардақты
Пайғамбардың бүкіл махлұқаттың ішінде ең ұлы
мәртебеде болғаны соншалық, Хаққ Тағала Оның
мүбарак есімін өз мүбарак есіміне қосып айтқызады.
Аллаһ Тағала хабибіне берген жоғары мәртебені,
абыройды және үстемдікті езелді әрі мәңгілік кітабы
Құран Кәрімде бекітіп, былай деген:
АРАПШАСЫ
«Сенің есіміңді ардақтадық!»
(Инширах сүресі, 4-
аят)
Кейбір тәфсиршілер осы аятқа былай түсініктеме
береді:
«Ей, Расулім! Тәухид (бірлеу) сөзінде мен айтылған
кезде сен де менімен бірге айтыласың!»
Сондықтан шәһәдәт кәлимасы, яғни Аллаһтың бір
екендігінжәнеХазіретіПайғамбар(с.а.у.)Оныңқұлыәрі
елшісі екендігін жариялау, құлдың иман келтіргендер
тобынан бола білуі үшін жүрекпен бекітіп, тілмен
жеткізетін ең алғашқы сөзі әрі Исламның алғашқы
шарты болып табылады.
Раббымыз әлемді және адамзатты қасиетті есімдері
мен сипаттарының қажеттілігіне қарай жаратып,
оларды иләһи жүйе, тәртіп және құдірет ағыстарымен
безендірген. Жіңішке есеп пен тәртіп, өте керемет жүйе