121
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Нәпсісін тазартқандар құтылды».
(Ағлә сүресі, 14-
аят )
Бұл тазартудың да кәлима айтудан бастала-
тындығында ешқандай шек-шүбә жоқ.
Хазіреті Хасан Басри Шайтанның:
«Мұхаммед үмбетініңжолына күнәларды әшекейлеп
тізіп қоямын, бірақ олардың тәубе етіп кешірім
сұраулары сағымды сындырып, табысқа жеткізбейді.
Сонда мен олар күнә деп ойламайтын, сырттай дұрыс,
бірақ негізі қате болған талай істерді алдарына
шығарамын. Сонымен олардың бірталайы күнә деп
санамағандықтан қате істеуден қашпайды, тіпті тәубе
етіпкешірімдесұрамайды»,–депайтатынынжариялап,
мүминдерге былайша ескерту жасайды:
«Міне, осы нақылдағы күнә деп саналмайтын,
бірталай қылмыстар бидғаттан, яғни нәпсілеріне
бағынып орындаған және діннен екен деп ойлаған
нәрселерден тұрады».
Уәһб бин Мүнәббиһ былай дейді:
«Аллаһтан қорық! Адамдардың арасында шайтанды
лағынеттейсің, алжалғыз қалғанда оған бас иіп, онымен
дос боласың».
Кәлиманың екі ұшы
Шәһәдәт кәлимасының екі ұшы бар. Біріншісі
– тәухид, яғни Аллаһ Тағаланың бар әрі бір екендігіне
иман келтіру; екіншісі – Хазіреті Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) құл әрі пайғамбар екендігін қабылдап, бекіту.
Иман осы екі ұшы бар сенімнің бір бүтін халінде
көңілде орналасу нәтижесінде пайда болады. Сондықтан
жалғыз-ақ Аллаһ Тағалаға иман келтіру немесе тек
қана пайғамбарына иман келтіру жеткіліксіз. Осы
жайда ғапылдық істемей, Аллаһқа иман келтірумен