Previous Page  117 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 298 Next Page
Page Background

117

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

көргенін баяндаған болатын.

Миғраж кешінде Хазіреті Пайғамбарға уақыт деген

шектен шығарылып сыйланған осы ақиқат Аллаһ

Тағала үшін әрқашан бар әрі Оған ғана тән. Өйткені Ол

уақытпен шектелуден пәк.

Сондықтан уақыт мәселесіндегі кемшілік әрі әлсіз-

дік перделерімізді ашатын болсақ, Аллаһ Тағала

құлдарына жауапкершіліктері мөлшеріне қарай қалау,

қалау мөлшеріне қарай жауапкершілік бергенін көрер

едік. Бұл осылай болмаса Рахман және Рахим болған

Аллаһ құлдарына әр түрлі жауапкершілік жүктемей

және оларды әмірлері мен тыйымдарын орындау не

орындамау жөнінде есепке тартпас еді. Оның құлдары

үшінжауапкершілікті,әріесепкетартылудытағдыретуі

және осыған қажет боларлықтай деңгейде ерік(ираде)

жәнеқалауды(қалағаныністейбілу)құлдарынабергенін

айқындайды. Осы шындықты байқай алмағандарға

Хазіреті Мәулана былай айтады:

«Құл қадар мен қазаға толық сеніп берілсе, ол алатын

сый – Аллаһтың ризалығына жету. Осы ризалыққа

жеткендер үшін қадар мен қаза халуа тәрізді тәтті

болып, жүздерін күлімдетеді.

Қисық жүрсең қалам қисық жазады, ал тура жүрсең

бақыт туғызады.

Бір ұры сақшыға ұсталынып қалғанда оған:

-Мырзам, істегенім Аллаһтың үкімі және тағдыры,

– депті. Сақшы оның бұл сөздеріне қарап:

-Әй, мырза, Қылмысты істеп алып, тағдыр осылай

екен дейсің, бұл ақылдыкісінің ісі ме? Ендеше мен саған

қазір беретін жаза да Аллаһтың үкімі және тағдыры,-

деген екен.

Құлға

Раббысының

тарапынан

сыйланған

барлық мүмкіндіктерге, ерік пен қалауға (таңдау)

маңыздылығынан артық мән беру және ақылды бәрінен