123
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
ішінде езелден мәңгілікке қарай ағып кетіп баражатқан
бұл әлеморасан зор тәухидмектебі ретінде пайда болған.
Осы тәухид мектебінің қақпасында, жерлерде және
көктерде тіпті әр тозаңда:
«Біл! Одан басқа тәңір жоқ», деген тақта ілулі.
Сондықтан оны зікір етпейтін, Оның құдіретін паш
етпейтін ешбір тірі жан, тіпті тозаң да жоқ.
Жаратушы мен жаратылғандар арасында тәуелділік
және жақындық болғандықтан, әр молекула Хақтан
түскен нұрдың арқасында иләһи махаббаттан шама-
шарқысы мен қабілеттерінің мөлшеріне қарай несібе-
лерін алған. Осыжайда ең ұлыжәне көп үлес адам бала-
сына тиген. Өйткені ол, махлұқаттың ішінде кәмілдік
мәртебесіне лайық болатындай дәрежеде жаратылған.
Адамзат орасаниләһимәліметтержәне ақиқаттармен
жабдықталып әшекейлендірілген. Оның топырағында
діни сенім әуелден бар. Сондықтан Аллаһқа деген иман
адамзатпен бірге басталған және иман келтіру үстемдік
құрып, қияметке дейін жалғасады. Тәухид ағыстары
да мәңгілікке дейін тоқтамайды. Ал атеизм (дінсіздік)
делінген пәлекет нәпсі бейімділіктерінің шырмауында
күдіктер мен қиялдардың себебінен ақылы мен сана-
сезімі бұзылған өңкей санасы тар, шекесі тырысқан
материалисттің қолында ғана қалады. Аят кәримде
айтылады:
АРАПШАСЫ
«…Кәпірлер қаламаса да, Аллаһ нұрын толық-
тырады».
(Тәубе сүресі, 32-аят)
Зікір гауһары, көңілде орнығып, көрініс тапса,
құлдық сонда ғана Аллаһқа болады: