118
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
жоғарысанап,соғантабыныпкетуденадандықтыңәсері.
Расында, ілімнен гөрі парасат артқан сайын, адамдық
ерік пен таңдаудың күлли ерік алдында қаншалықты аз
әрі кішкене екендігі оңайлықпен аңғарылады.
Құл ерікиесі. Осыерікжәне құдірет оғанХаққТағала
тарапынан сыйланған. Аллаһ Тағаланың жаратуы
мен қалауы әр істе қатысы болғанымен, ризалығы
тек хайырда ғана. Ұстаздың мақсаты – шәкірттерінің
толық мәлімет иесі болып сыныбын өтуі. Шәкірт
тырысып дайындалса, ұстаздың істейтін ешнәрсесі жоқ.
Дәрігердің міндеті – ауырып жатқан адамның ауруына
шипа табу. Ауырған адам өзіне берілген рецептіні
қабылдап, әрекет жасамаса одан туындайтан теріс нәти-
жеге тек қана өзі жауапты болады. Дәрігерге ешқандай
кінә тағылмайды.
Сондықтан тағдыр, өз қалауымыздан пайда
болатындықтан жауапкершілік мәселесінде қадарды
сылтау қылып өзімізді кінәсіз, кешірімді деп санай
алмаймыз.
Ғибадаты болмаған және жаман жолға түскен
біреудің: «Не істей аламын, тағдырым осындай екен!» –
деп айтуы оның аңқаулығынан, ғапылдығынан. Намаз
оқығысы келген адамға Аллаһ Тағала оқу себептерін
жаратып сыйлайды, ал оқығысы келмегендерге оқуға
бөгет болатын себептер жаратып, оқытпайды.
Өзіміз күнә істеп алып, күнәларымызды кешірімді,
өзімізді күнәсіз көрсету «қадарға жала жабу» болып
табылады, ақылсыздық және әдепсіздік деп есептеледі.
`
Міне, Шәһәдәт кәлимасы (куәлік сөзі) кітап басынан
осы жерге дейін айтылған ережелерге кәміл түрде иман
келтіруді баяндайдыжәне осымазмұнменбіргеШәһәдәт
кәлимасын жүрекпен бекітіп, тілмен жеткізген кісі
шынайы мүмин болады.