Previous Page  114 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 114 / 298 Next Page
Page Background

114

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

бейхабар, ақыл мен түйсіктен мақрұм болғандар

ғана. Бұлар жақсылық пен жамандықтың, дұрыс

пен бұрыстың, хақ пен жалғанның шынайы бейнесін

білмейтін, надандық құрбандары болып табылады.

Барша халықтың білетініндей қадар мен қазаны

адам баласы білмейді. Бұл да негізінде фәниде тіршілік

ететін адам баласы үшін сыйлық. Өйткені әрбір адам

басына түсетін жақсылы-жаманды әр нәрсені біліп

жүрсе, өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Жеп-

ішуден, еңбек етуден және т.б. нәрселерден бас тартады.

Бірақ Хаққ Тағала қадар мен қазаны белгісіз қылып

жасырғандықтан, адам баласы өлім тап алдына келіп

тұрса да, өмір сүрем деген үмітте болады әрі өмірге

қатысты істерден қолын үзбейді. Бұл жағдай – дүние

тіршілігінде күн көруді мүмкін қылатын зор, әрі кәміл

ұйымдастырылған иләһи жүйе.

Жақсылықпен қоса жамандықтың да Аллаһтан

болу мәселесі былайша: жамандық Оның қалауы

нәтижесінде емес, сынақ мақсатында іске асатын иләһи

құбылыс. Тіпті жамандықтың ортаға шығуына Аллаһ

Тағаланың рұқсат беруі, виза қоюы Оның құлдарына

деген кең әрі терең мархабатының көрінісі. Өйткені

бұл виза әр жамандыққа рұқсат бермеуде және сезіп

білсек те, білмесек те біздерді материалдық және

рухани жақтан талай пәлекеттерден қорғауда. Әйтпесе

адам баласы нәпсінің және шайтанның азғыруымен

істеген қылмыстарына және ғапылдықтарына кім

біледі, әлі қаншасын қосар еді. Өйткені ол біліп және

білмей жақсылыққа қандай талаптанса, жамандыққа

да сондай мөлшерде талаптанады. Бұл шындықты Хаққ

Тағала Құран Кәрімде былай баяндайды:

«Адам баласы қайырды (жақсылықты) тілегеніндей

шерді(жамандық) де тілейді. Адам баласы тым

сабырсыз».

(Исра сүресі, 11-аят)

«Егер Аллаһ адам баласына қайырды асығып