Previous Page  109 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 298 Next Page
Page Background

109

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

1. Нәфхатү’л-фәза: Күллі дүние үсіп қатып қалады.

2. Нәфхатү’с-сайқа: Барлық нәрсе жойылады да;

тау, тас, төбе деген нәрсе қалмай, жер шары теп-тегіс

болады. Сонымен Бақи Аллаһ Тағаладан басқа барлық

нәрсе жойылады.

3. Нәфхатү қиями Раббил-ғаләмин: Аллаһ Тағала

Махлұқатына «Тұрыңдар!» деп бұйрық береді де,

барлығы түрегеледі.

2

«Сур үрлегенде қабірлерінен Раббыларына қарай

жүгіре отырып шығады да «Әттең-ай, бізді жатқан

жерімізден кім тұрғызды?»– дейді. Оларға: «Міне,

Рахман Аллаһтың уәдесі, пайғамбарлар рас айтып

еді», делінеді

». (Ясин сүресі, 51-52 аяттар)

Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша кәпірлер және

мұсылман бола тұрып Аллаһқа қарсы келгендер қабір-

лерінде азап тартса да, бұл азап Жәһаннамдағы (тозақ)

азапқа қарағанда өте жеңіл болатыны соншалықты,

қабірдегі жағдайы ұйқыда жатқандағыдай саналып,

одан айыққанда өте қиын азапқа ұшырайды, сөйтіп:

«Иа, уәйләнә/Әттең-ай!»

- деп айқайлай бастайды.

Келген нақылдар бойынша бірінші үрлеу мен екінші

үрлеу арасында қырық жылдай қабір азабы алынады

да, өлілер ұйықтап жатқан сияқты бір күйде болады.

Сондықтан күнәһарлар қиямет болғанда тіріліп тозақ

азабына ұшырайтындарын аңғарып айқай салады да:

«Бізді ұйқымыздан кім оятты?» – дейді.

Бұл жерде ұмытылмауы керек болған жағдай

қияметтің қашан болатыны емес, әркімнің қияметі

болып саналатын өлімге және өлімнен кейінгі өмірге

дайын болу-болмауы.

Дүние алдамшы бір сағым, ал ақірет өлімсіз мәңгі

өмір. Шарасыз қалып, өкінішке ұшырағандардың

қатарында қалмау үшін өз қияметіміз - өлім келмей

тұрып оянайық. Өйткені әр фәнидің белгісіз бір уақытта