106
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Ол күні мал да, ұрпақ та пайда бермейді. Тек қана
Аллаһқа қалбун сәлиммен(таза жүрекпен) келгендер
бөлек».
(Шуғара сүресі, 88-89 аяттар)
Былайша айтқанда, адам баласы өз денесін шағып
алған шыбын да болса оған ашуланып жазасын береді,
ал біреу сыйлап берген бір кесе шайға бола қырық жыл
құрметін сақтайды. Сондықтан өмір бойы ризығын
жеген Аллаһтың алдында істеген істеріне ешқандай
жауапкершілік немесе алғыс сезінбеуден асқан ғапыл-
дық бола алмайды. Өйткені бұл дүниеде залымның
зұлымдығы, бейшараның аһылап-уһілеп қайғыруы,
кәпірдіңкүпіршілігі,мүминніңиманыбар.Егербұларға
сый немесе жаза берілмесе, бүкіл әлемді адамзаттың
әміріне арнаған иләһи жоспардың мағынасы қалмай,
адамның жаратылуы да қисынсыз болар еді. Бұл әрине
Аллаһтың әділет сипатына қайшы болар еді. Алайда
Хаққ Тағала бүкіл кемшіліктерден пәк болғанындай,
мұндай болудан да пәк. Аллаһ Тағала былай айтады:
«Адамбаласыөзінемін-еркінжіберіледі депойлайды
ма?»
(Қиямет сүресі, 36-аят)
«Біз сендерді босқа және ойын-сауыққа жаратты
деп, әрі бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?»
(Муминун сүресі, 115-аят)
«Бізкөктерменжердіжәнеекеуініңарасындағыларды
ойын болсын деп жаратпадық».
(Духан сүресі, 38-аят)
«Кәпірлер қиямет бізге келмейді деді. (
Оларға
) Айт:
Жоқ! Олай емес. Ғайыпты білетін Раббыма ант етемін!
Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі және жер-
дегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе де Одан
жасырын қалмайды. Тіпті көзге ілінбес кішкенесі
болсын, одан үлкені болсын барлығы ап-ашық бір
кітапта (
ләухул-махфузда
) жазулы»
. (Сәбә сүресі, 3-
аят)
«Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған Аллаһ әлбетте