103
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
Аллаһ Тағала айтады:
«...Аллаһқа және ақірет күніне иман келтіріп ізгі
амалдар істегендер үшін Раббыларының қасында
үлкен сыйлықтар бар. Олар үшін қорқыныш жоқ, әрі
олар қайғырмайды да».
(Бақара сүресі, 62-аят)
Ақірет - өлімнен кейін басталатынжаңа, шексіз және
шын өмір. Аят кәримде былай баяндалады:
«Осы дүние өмірі бір ойын-сауықтан, ермектен басқа
нәрсе емес. Ал ақірет жұрты сөзсіз ол өмірдің дәл өзі.
Әттең! Олар білсе ғой»
.(Ғанкәбут сүресі, 64-аят)
Өйткені мұны білгендер, осы фәни әлемде алған әр
демінің бағасын біледі, Хаққ Тағаладан бір сәт те болса
ғапыл қалмайды. Өмірлері ізгі амалдарға толы ғибадат
өмірі болады. Соңдарының не болатыны жайында үнемі
қорқыныш пен үміт арасында болады. Махшарда үлкен
есеп күнінің үрейінен көздері де, көңілдері де Аллаһтан
деген қорқыныштан жас төгеді.
Бірде салиқалы бір кісі өзіне қажетті бір-екі бұйым
алатын болып базарға барыпты. Қалтасына ақшасын
жетіп қалады деген оймен есептеп салып қояды. Бірақ
базарға барғанда ақшасы алатындарына жетпей, әлгі
салиқалы кісі жылай бастайды және осы күйі ұзаққа
созылады. Төңірегіндегілер бұған таң қалып, ақшасы-
ның жетпегені үшін жылағаны бекер деп жұбатуға
тырысады. Біраз уақыттан кейін ол жылап отырып,
таңырқай қарап тұрған көпшілікке былай дейді:
«Көз жасым бұл дүние үшін деп ойламаңдар! Бүгін
үйдегі есебім базарға сәйкескен жоқ! Ондай болса ертең
дүние есебім ақіретке қалай сәйкеседі? Соны ойлап
жыладым!».
Дүниедегі өмір түгесіліп біткен соң ұлы періште
Исрафил (ғаләйһиссәләм) сурға үрлейді де, сол сурдың
даусымен адамдар қайтадан тіріліп, түрегеледі және