105
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
де (қабірлеріңнен) осылай шығарыласыңдар».
(Рум
сүресі, 19-аят)
«Ей, адам баласы!
Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер,
мынаны біліңдер! Біз сендерді топырақтан, одан соң
тамшыдан, одан кейін бір уыс ұйыған қаннан, одан
кейін мүшелері белгісіз, белгілі жаны бар кесек еттен,
сендерге құдіретімізді көрсетейік деп жараттық. Және
кімдерді қалағанболсақ, солардыбелгілімерзімгедейін
жатырлардатоқтатыпқоямызда,сендердібөбектүрінде
сыртқа шығарамыз. Сондай-ақ күшті шақтарыңа
жету үшін сендерді үлкейтеміз. Араларыңнан
кейбіреулеріңнің жаны алынып, кейбіреулерің білетін
адамболғаннанкейінтүкнәрсебілмейтінкүйгеоралсын
деп өмірдің ең пайдасыз шағына дейін апарылады. Сен
жер бетін де қуарған және өлген халінде көресің, бірақ
біз оғанжаңбыржаудырғанда, ол құлпырып көпсиді де,
әр түрден (немесе жұптан) көркем өсімдіктер береді».
(Хажж, 5-аят)
Өмір сүрдіртетін, өлтіретін және тірілтетін Аллаһ
Тағаланың осы баяндары қайтадан тірілтілудің сөзсіз
болатынын көрсетеді. Ондай болатын болса, маңыздысы
Пайғамбардың (с.а.у.):
«Қалай өмір сүрсеңдер сол күйде өлесіңдер және
қалай өлсеңдер сол күйде тірілтілесіңдер!» баянынан
сабақ ала отырып, сол күнге дайындықпен бара білу.
Өйткені Хаққ Тағала былай айтады:
«Кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсы-
лық істеген болса, ол соны көреді. Ал кім тозаңның
түйірінің салмағындай жамандық істесе, ол да соны
көреді».
(Зілзала сүресі, 7-8 аяттар)