Previous Page  110 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 110 / 298 Next Page
Page Background

110

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

және мекенде Әзірейілмен кездесетіні сөзсіз. Өлімнен

қашып құтылатын ешбір жер жоқ. Ондай болса адам

баласы:

«....Аллаһқа

жүгіріңдер..»

(Зарият

сүресі,50)

аятының сырынан несібесін алып иләһи мейірімді тек

пана деп қабылдауы керек.

VІ.

ТАҒДЫРҒА,

ЖАҚСЫЛЫҚ

ПЕН

ЖАМАНДЫҚТЫҢ АЛЛАҺТАН ЕКЕНДІГІНЕ ИМАН

Аллаһтың еркі мен қалауы барлық жаратылыстың

жаратылуының өзегінде бар нәрсе. Оның қалауы әрі

құдіреті болмай ешбір нәрсе пайда болмайды. Бір тозаң

да болса Аллаһтың еркі және құдіреті болмай жатқан

жерінен ұшпайды, кішкентай бір шыбын да қанатын

қозғай алмайды. Сондықтан Аллаһ Тағала толық ілім

Иесі болғандықтан болған және болатын әр нәрсені

біледі. Болатын бір нәрсенің езелде (ежелде) жазылып

белгіленуін «қадар» яғни тағдыр, оның іске асып,

орындалуын «қаза»

1

деп атайды.

Қадардың (тағдыр) адамдық санамен толық түрде

аңғарылуы мүмкін емес. Сондықтан бірталай рет

негізгі мағынасынан басқа мағынада жорылып жаман

ойлар, жаман істер істелген. Сол Себепті осы мәселеде

тереңдікке жету табысқа апармайды. Өйткені:

АРАПШАСЫ

«Ғайыптың кілттері Аллаһтың қасында, оларды

Одан басқасы білмейді..».

(Әнғам сүресі, 59-аят) иләһи

баяны қадар мәселесінде терең ойлап білуге рұқсат

бермейді.

Негізінде,

соқыр

адамға

рең-түсті

таныта

алмайтынымыз секілді, адамдық түйсік сана-сезімімен