111
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
де осындай жағдайлардың сырына жете алмаймыз.
Бірақ Аллаһ Тағаланың өздеріне ләдүни ілім берген
құлдарының азғантай несібесі бола алады. Құран
Кәрімде баяндалған мына оқиға мұның ең айқын
мысалы:
Аллаһ Тағала Мұса пайғамбарды (ғаләйһиссәләм)
өзінен сол ілімді үйренсін деп ләдүни ілім иесі
Хыдыр(Қызыр) (ғаләйһиссәләм)ға жібереді. Осы ілім
себептер мен сылтаулардың ар жағынан, яғни ләухул
маһфұздан бір ұшқын шағылыстыратын ілім. Хазіреті
Мұса мен Хазіреті Хыдыр сапарға шығады. Сапарда
Мұса (ғаләйһиссәләм) түрлі ғажайыпләдүниоқиғаларға
куә болады. Расында Хыдыр қиссасындағы оқиғалар
ақылмен сараланып, оқиғаға тек қана сырттай қаралса,
кеменің тесілуі иелеріне жасалған зұлымдық сияқты,
ал шындығында оны залымдардың тонап кетуіне бөгет
болу арқылы, сонымен нанын тауып жеп отырған
кеменің міскін иесіне жасалған жақсылық еді.
Тағы сырттай қарағанда баланың өлтірілуі бір
қылмыс, ал ақиқатында салиқалы және тақуалы
болып, адал өмір сүрген әке-шешесінің ақірет өмірінің
қорғалуы.
Тағы сырттай қарағанда өздерін қуған ауылдың
қоршауларын өріп беруі қисынға келмейді, ал ақиқа-
тында екі жетімге қатысты аманаттың қорғалуы.
Әрине, бұл жағдайлардың сырлары Хаққ сыйлығы
болған ләдүни ілім арқылы жарыққа шығуда.
Сондықтан қадардың яғни тағдырдың сырын ақылмен
түсініп, аңғару мүмкін емес. Өйткені қадарды аңғару
адам түсінігі жете алмайтын жағдай. Сондықтан
Аллаһ Расулі (с.а.у.) қадарға иман келтірумен ғана
шектелуімізді бұйырған және осы мәселе жайында
орынсыз таластарға қарсы болғандығы соншалықты,
тағдыр туралы пікір таластырып жатқан бір топқа кез
келгенде оларға: