112
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
«Сендер осылай істеуге жауаптысыңдар ма? Немесе
мен сендерге осы үшін жіберілдім бе? Сендерден бұрын
өмір сүрген үмбеттер осы тағдыр мәселесі жөнінде
пікір таластырғандықтан құрып кеткен. Қадар
туралы пікір таластырып, терең ой жүгіртуден сақ
болыңдар!»
– деп айтқан.
Сондықтан тереңдікке жетуден гөрі, негізгі нүктені
тура аңғару бұл мәселенің ең маңыздысы және жет-
кілікті мөлшері. Негізгі нүкте осы:
Аллаһ Тағала адамзат үшін тағдыр еткен істерді екі
бөлімге бөліп қарастырамыз:
1. Мәжбүрлі істер
2. Ерікті істер
Мәжбүрлі істер:
Бұл бөлімге кіретін істер өз армандарымыз бен
қалауымыздан тыс пайда болатындықтан, толығымен
қадар мен қазаның көрініс табуынан тұрады. Бұған
керісінше әрекет жасау мүлде мүмкін емес. Туу, өлу,
тірілу, ұйықтау, қарын ашу, дене құрылысымыз, өмір
сүру мерзіміміз және т.б. жағдайлардың барлығы
қадардың осы бөліміне кіреді. Оларды «Мутлақ қадар»,
яғни жалпы тағдыр деп атайды және адамзат баласы
мәжбүрлікпен бағынатындықтан, бұл істерденжауапты
емес.
Тағдырдың, яғни қадардың осы бөлімінің іске асу
уақыты келгенде адамның көретін көзі көрмейді,
еститін құлағы естімейтін болады. Хазіреті Мәулана
қаза туралы былай айтады:
«Қаза іске асқанда, балықтар өздерін теңізден сыртқа
лақтырады. Көкте ұшқан құстар, жерде өздері үшін
дайындалған тұзақтарға қарай жүгіре бастайды.
Мұндай қадар мен қазадан тек қана сол қадар мен