115
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
сұрағанындай жамандықты да тезірек берсе, әлбетте,
олардың ажалдары әлдеқашан келтірілген болар еді..».
(Юнус сүресі, 11-аят)
Адамзат өз ойын, көзқарасын және ісін қаншалықты
бақыласа, осы аят кәримнің мағынасын соншалықты
аңғарады. Мысалы, өтірікші біреу алдындағы адамды
көндіру үшін «егер өтірік айтқан болсам, екі көзім
соқыр болсын» деп айтса да соқыр болмайды, әрі өзіне
берілген сынақ мерзімі табиғи шарттармен жалғасады.
Және бірталай адамдардың: «Осылай істесем қолым
сынсын; осыны істесем қарам қалсын, атым өшсін;
мұны істейтін болсам өлгенімде көр!» – деген сияқты
шынжүрекпен айтылған, бірақ бос сөздер болады. Бірақ
кезі келгенде өз айтқандарынан басқаша жағдайға
түсіп қалады. Сонда қолдары да сынбайды, бастары да
жұлынбайды, не өлмейді. Адамзат өмірінде осыларға
ұқсас талай мысалдар бар. Міне, Аллаһ Тағала осындай
жағдайларды мейірімінің себебінен болдырмауда.
Жоғарыдағы аят кәримдер осы нүктені баяндайды.
Аллаһ Тағала былай дейді:
«Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, оны Одан
басқа жоятын ешкім жоқ. Егер саған бір жақсылық
қаласа, Оның жомарттығын тойтарушы да жоқ. Ол
жақсылығын құлдарынан қалағанына береді. Және Ол
өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді».
(Юнус сүресі,
107-аят)
Қорыта айтатын болсақ, жүректің сафтығы тағдырға
разы болуда. Керісінше, әрекет істеу ешқандай пайдаға
әкелмейді.
`
Ерікті істер
:
Аллаһ Тағала өз қалауынан бөліп, құлдарына ерік
пен қалаудың шектеулі мөлшерін сыйлаған. Құл осы
қалаудыңқолданылуы(жұмсалуы)нәтижесіндежасаған