116
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
істерінің себебінен, олар жақсы болса сыйға жетеді, ал
жамандық болса жазаға душар болады. Аллаһ Тағала
қалаған ісіне жаратушы сипатымен қатысады. Бірақ
мұндай істерде жарату сипатымен қатар, жасау сипаты
да болады. Сол жасау сипаты құлға тән. Бірақ Аллаһ
Тағала құлдың әр ісіне жаратушы сипатымен қатысып,
бірақ сол істің жүзеге асуына рұқсат бермеуі мүмкін.
Құлдардың армандап іске асыра алмаған істері осы
санатқа жатады.
Жоғарыдабаяндағанымыздайәркімгеқажетболатын
негізгі мағлұматтан тыс, қадар мәселесін талқылау
дұрыс емес. Өйткені қадар бір құлып секілді, әрі оның
кілті Аллаһ Тағалада. Құлдардың түйсігінен жоғары
тұратын жағдай бұл. Оның сырын аңғару тек әулие
құлдардың кейбіреулеріне, белгілі шектеулі мөлшерде
ғана нәсіп болады. Сондықтан сол құлыпты ашуға
тырысу, құлдың өз шегінен асуы деп есептеледі.
Бізге тән заман ұғымының Аллаһ Тағалаға үкімі
жүрмейтін болмағандықтан, Әлемнің Жаратушысы
үшін болашақтағы бір нәрсені білу, болып өткен нәрсені
білуімен бірдей, оп-оңай. Біз уақытпен шектелген
әлемде пікір таластырғандықтан, Аллаһтың болатын
нәрселерді білуін өзі тарапынан тағдыр етіліп, тіпті Ол
тарапынан күш жұмсалып іске асырылады деген ойда
боламыз. Мұны түсіне алмауымыз біздің уақыт пен
мекенге тәуелді әлемде өмір сүріп жатқандығымыздан
ғана. Алайда заман пердесі ашылғанда әр нәрсе бір сәтте
көріледі. Расында Аллаһ Расулі (с.а.у.) миғраж кешінде
көргендерін баяндап бергенде ежел әлемін аңғарған
түрде:
«Қадарды
жазған
қаламның
сықырлауын
естідім»
1
, – деп айтуымен бір ақиқатты жеткізгісі
келсе, бір жағынан мәңгі әлемде көргенін:
«Абдуррахман бин Ауф осылай жәннатқа кіріп
жатқан», - деп айтып оның әлі болмаған келешекті