Previous Page  119 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 298 Next Page
Page Background

119

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

Куәлік сөзі тек қана екі ауыз сөзден тұрады деп

ойлап, оның терең ішкі мағынасынан хабарсыз болу

үлкен ғапылдық. Оның ақиқатының үлкендігін,

ұлылығын сезген кәміл имандыжүректер өмірлерін сол

өздері сезген ұлылыққа лайық болу жолында сарп етеді.

Өмірлерін тасбих халіне келтіріп, бір сәт те болса Хаққ

Тағаладан ғапыл болмау үшін қайрат жұмсап, алға

қарай ұмтылады. Мұндай шынайы пейілді пенделер

сонда да Аллаһтың алдында әлсіздік, ештік сезімінен

айрылмай, үнемі дамуға құштар келеді.

Сондықтаншынмағынасымен куәлік сөзін айту үшін

оның сырларын аңғарып, тиісінше амал ету қажет.

Ғапылдықпен айтылған куәлік сөзі пайдаға жеткізсе де,

құлдынегізгі мақсатқажеткізбейді. Текқана ояу әрі тірі

көңілмен берілген куәліктер, түсініктер жете алмайтын

ұлы әрі мәңгі сыйларға жетуді мүмкін қылады.

`

Бір күні Пайғамбар (с.а.у.) өзінің құтпасында:

- Кімде-кім куәлік сөзді шын жүрекпен, шынайы

түрдеайтса,яғниайтардасенімжағынаншым-шытырық

нәрселерді қоспаса, Жәннат оған уәжіп болады, – деді.

Хазіреті Әли (радиаллаһу ғанһу):

-Уа, Расулаллаһ! Шым-шытырық нәрселерді қоспау

дегеніңізді қалай түсінейік? – деп сұрады.

Аллаһ Расулі (с.а.у.):

- Дүниеге деген махаббат; оған беріліп артынан еру,

– деп жауап берді.

Басқа бір хадис шәрифте былай айтылған:

«Қандай бір құл болмасын шынайы түрде куәлік

сөзін айтса, аспанның есіктері оған ашылады! Бұл

дәреженің үлкен болғандығы соншалық, ол үлкен күнә-

лардан сақтанып жүргеніне қарай айтқан осы куәлік

сөзі Аршыға дейін жетеді».

1