Previous Page  124 / 298 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 298 Next Page
Page Background

124

“ХИКМЕТ”

баспа үйі

«Аллаһтың есімі аталып, еске алынса жүректері

лүпілдейді»

(Әнфәл сүресі, 2-аят) баянындағы мағына

іске асады. Ақиқи иман ортаға шығады. Мұның

маңыздылығына орайХазіреті Пайғамбар (с.а.у.) былай

деген:

«Киім қалай тозып ескіретін болса, жүректегі иман

да сол сияқты тозып ескіреді. Ондай болса тәухид

кәлимасымен имандарыңды жаңалаңдар!»

Ал зікір гауһары көңілде орнықпай тілде ғана

қалатын болса, құлшылық нәпсі құмарлықтарына

бағытталып кетеді. Хаққ Тағала, осы халге түскендер

туралы былай дейді:

«

Нәпсі бейімділіктерін өзіне тәңір қылып алғанды

көрдің бе? Енді сен оларға жауапты емессің!»

(Фұрқан

сүресі, 43-аят)

Демек, шәһәдәт кәлимасы – бізді нәпсіге құл

болудан құтқарып, Хазіреті Пайғамбардың(с.а.у.)

мінез-құлқымен безенуімізге көмекші болуы қажет.

Керісінше жағдайда оның нәрі мен сыйынажету мүмкін

болмайды.

`

Ислам әдебиетінде мынадай бір оқиға нақыл етілген:

Хазреті

Пайғамбардың(с.а.у.)

мінез-құлқына

өз өмірінен орын бермеген бір кісі түсінде Әлемнің

Мырзасын көреді. Пайғамбар оған қарамай, мүлде

назарын аудармай тұр екен. Ол мұңайып сұрайды:

-Уа, Расулаллаһ! Маған ренжідіңіз бе?

-Жоқ!

-Ондай болса маған неге ілтипат қылмайсыз?

-Сені танымаймын ғой!

-Бұл қалай уа, Расулаллаһ? Мен үмбетіңнің бірі-

мін. Ғалымдар сіздің өз үмбетіңізді ананың баласын