126
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
саналмайды!.».
1
Нұрын күннен алатын ай, қалай күннің бар
болуының дәлелі болса Мұхаммеди иманның нұрымен
ағарған жүректер мен көңілдер де Оның, яғни
Пайғамбарымыздың куәгерлері. Сондықтан:
деп, әрі мұнымахаббатпен, шын пейілдерімен айтқан
жандардыңжүректерінде айнағажарық түсетіні секілді
иләһи сәуле нұрландырып, рухтары сөзбен айтып
жеткісіз ләззатқа орана күн кешеді.
Осындай ләззаттты татып көргендердің бірі болған
БіләлХабеши
1
(радиаллаһу ғанһу)діңжағдайы ғибратқа
толы:
Біләл (радиаллаһу ғанһу)дің дүниеде қолында
еш нәрсесі, сүйенетін бір талы, демейтін бір туысы,
қайғысына ортақ болатын бір досы жоқ еді. Ол бар
болғаны біреудің құлы (тұтқын) еді. Бірақ күні туды да,
иман нұрымен абырой тапты. Бұдан кейін иманы және
оны қорғау үшін көрген күндері, яғни тәухид кәлимасы
үшін көрген қиыншылықтары қияметке дейін келетін
мүминдерге иманды қорғау әрі жариялау жолында үлгі
болды.
Ол Аллаһ Расулі (с.а.у.)нің жүзін және нұрын көріп
күйген және Пайғамбарға деген махаббат дариясына
шомған жан еді. Бүкіл жан-тәнімен Фәнә фир-Расул
2
халіне енген жан еді. Бірақ иләһи нұрдан несібесіз иесі,
оны осы күшті иманына бола қызған шөлдің алаулы
құмдарына жатқызып, зұлымдық көрсеткен болатын.
Жалаңаш денесін қамшымен ұрғанда, оның қара
терісінен қан атқылаған-ды. Айналасын қоршап алған
ғапылдар:
-Ей, жаман құл! Дінімізге қайта орал да, құтыл! –
деді.
Хазіреті Біләл бұл ұсынысқа жауап ретінде