125
“ХИКМЕТ”
баспа үйі
тануынан да жақсы танитыныңызды айтып жатады.
- Дұрыс! Бірақ мен сенен жақсы мінезімнен алған
үлесіңді көре алмадым. Әрі маған сенен еш салауат
(Пайғамбарға сәлем жіберіп Оның үнемі жақсылықта
болуын Аллаһтан сұрау) келген емес. Сен менің
үмбетімді менің мінез-құлқыма жақындығы мөлшерін-
де танитынымды біле жүр!
Ұйқысынанқайғырыпоянғансолмүминкісібұрынғы
ахуалына тәубе етеді де, Хазреті Пайғамбардың(с.
а.у.) жақсы мінезіне оранып, көбірек салауат айтуға
тырысады. Біраз уақыттан кейін Пайғамбарды(с.а.у.)
қайтадан түсінде көреді. Бұл жолы Хазреті Пайғамбар
(с.а.у.) оған:
-Енді сені таныпжатырмын әрі сағаншапағат етемін,
– дейді.
Ол жаннан да әзиз, сүйіктілерден де сүйікті, әр
қырынан махаббатқа ең лайық өзгеше бір жаратылыс.
Ол дүниеге келіп-кеткендердің және келешектегілердің
ең ардақтысы және ең ерекшесі, адамзат үшін
қайғырғандардың ең мейірімдісі, тура жолдың жалғыз
көрсетушісі, әрі үйретушісі.
Ол қыз балаларын тірідей топыраққа көміп
жабайылық істегендерді көзі мен көңілі жас төгетін
мейірбандарға
айналдырып
тәрбиелеген,
оларға
кітапты, сырды және хикметті үйреткен. Оны барлық
нәрседен жоғарыда ұстау, теңдессіз махаббатпен сүю
иманның кемелдігінен деп есептеледі. Махаббаттың бұл
шыңы хадис шәрифте былай түсіндіріледі:
«Сендердің қайсыбіреулерің мені өзінен, әке-
шешесінен, бала-шағасынан және бүкіл адамдардан
артық сүймейінше толығымен иман келтірген болып
* Пайғамбардың жолында жанын пида етерліктей дәрежеде болып,
оның нұрына бөленгендей күйге түсіп, оның көзқарасына сай өмір
сүру.